Белгісіз әйел мүгедек зейнеткерге сірке суын шашып бағалы бұйымдарын тонап кеткен

1 558

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: rawpixel.comАтырау облысының Қосшағыл ауылында белгісіз әйел ІІ топтағы мүгедек зейнеткердің үйіне баса-көктеп кіріп, оның бетіне сірке суын шашқан, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Оқиғадан кейін күдікті үй ішіндегі алтын әшекей бұйымдарын ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткен.

Полиция қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру шараларының нәтижесінде қылмыс жасады деген күдікпен 55 жастағы әйел анықталып, ұсталды. Ол қазіргі уақытта полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жәбірленушіге дер кезінде медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлердің айтуынша, оның өмірі мен денсаулығына еш қауіп жоқ, қажетті ем-домнан кейін үйіне шығарылған.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша күш қолдану арқылы тонау бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.