Жеңіл көлікпен соқтығысқан мопед жүргізушісі оқиға орнында мерт болды

1 519

Фото: ©Видеодан скринАлматы қаласының іргесіндегі ауылда жол-көлік оқиғасынан бір адам көз жұмды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Azattyq-ruhy.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Абай ауылында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы тіркелді. Қайғылы жағдай Рысқұлов пен Әзербаев көшелерінің қиылысында болған. Автокөлік пен мопед соқтығысып, салдарынан екі дөңгелекті көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмған. Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 сәуір күні Абай ауылында болған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалған.(Видео)

"Алдын ала мәлімет бойынша, BYD маркалы автокөліктің 37 жастағы жүргізушісі қосалқы жолдан шыға отырып, негізгі жолдағы көлікке жол бермей, мопедпен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан мотокөлік жүргізген 42 жастағы азамат алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды", – деп хабарлады полиция.

Жеңіл көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.