Енесінің атынан несие рәсімдеген келін сотталды
Жуалы аудандық сотында енесінің атына заңсыз несие рәсімдеген әйелге қатысты қылмыстық іс қаралды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агентігі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Өткен жылдың соңында әйел несие ала алмаған соң, оны енесінің атына рәсімдеткен. Енесінің телефоны арқылы растау кодын алып, онлайн-верификациядан өткен. Осылайша 1,5 млн теңге несие рәсімдеп, оның 1,1 млн теңгесін өз шотына аударып, жеке қажетіне жұмсаған. Енесі бұл туралы тек ай сайынғы төлем келгенде білген. Сот әйелдің кінәсін толық дәлелденген деп таныды. Кінәсін мойындауы, өкінуі және жас балалары бар екені жеңілдететін мән-жай ретінде ескерілді.
Үкім заңды күшіне енді.







