Анасы қылмысқа өз бауырларын айыптап отыр: Есік қаласында 4 жасар қызды зорлап кетті
397
Алматы облысының Есік қаласында 4 жасар қыз зорлық көрді. Болжам бойынша істі бүлдіршіннің анасының бауырлары жасаған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға туралы алғаш ақпаратты әлеуметтік желіде құқық қорғаушы Дина Таңсәрі жазды. Деректер бойынша, бүлдіршіннің анасы бұл қылмысқа өз бауырларын айыптап отыр.
"Есік қаласында төрт жасар қыз зорланған. Болжам бойынша, әйел дүкенге шығып кеткен кезде бүлдіршінді анасының бауырлары зорлаған. Балаға шұғыл ота жасалып, тергеу шаралары жүргізілуде. Отбасыдағы зорлық-зомбылыққа тыйым салатын заңдардың болмауы қоғамның азып-тозуына әкеліп соқтырады”, – деп жазды автор.
Оқиғаны Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Ведомствоның хабарлауынша, кішкентай қызды зорлау фактісі 13 сәуір күні Еңбекшіқазақ ауданында орын алған.
“Аса ауыр қылмыс жасаған азамат Қызылорда облысының тумасы болып шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, ол бірнеше күн бұрын қонаққа келіп, қылмыс жасаған кезде мас күйде болған. Күдікті қамауға алынып, ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы (зорлау) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда бала дәрігерлердің бақылауында”, – деп жауап берді департамент Stan.kz тілшісіне.