Қызылордаға жұқпалы ауруларға қарсы ветеринарлық препараттар жеткізілді
289
Биыл аса қауіпті 16 түрлі жұқпалы ауруларға республикалық бюджет есебінен 6 311 200 доза ветеринариялық препарат қаралған. Бүгінде оның облысқа 6 095 500 дозасы жеткізілді. Алдын ала егу жұмыстары 86,7 пайызға орындалды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық ветеринария басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев мәлімдеді.
Ал, жануарлардың 6 түрлі энзоотиялық ауруларына облыстық бюджеттен 226,5 млн. теңге қаржы бөлініп, қажетті ветеринариялық препараттар толық сатып алынды. Қазіргі кезде оның 88,2 пайызы орындалды. Сонымен қатар, диагностикалық тексерудің нәтижесінде, бруцеллез ауруы болып анықталған 42 бас ірі қара малы, 177 бас уақ мал ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес уақытылы сойылды. Бүгінде облыста ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында тиісті шаралар уақытылы атқарылуда.
«Бірдейлендіру жұмыстары да бір ізге түсуде. Бүгінгі күнге ақпараттық жүйеде 382,3 мың бас ірі қара малы, 836,2 мың бас уақ мал, 175,6 мың бас жылқы, 57,9 мың бас түйе, 1,5 мың бас шошқа, 810 бас тақтұяқтылар тіркелген. Биыл 376,5 мың дана құлақ жапсырмаларына берілген тапсырыс ҚР ауыл шаруашылығы Министрлігі тарапынан бөлінбей отыр», – деді басқарма басшысы.
Айта кету керек, жыл басынан бері 28351 дана ветеринариялық анықтамалар беріліп, «Бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі» арқылы рәсімделді.
Шахмардан Сұлтанбекұлының айтуынша, барлық ауылдық округтерде мал өлекселері мен биологиялық қалдықтарды тастайтын 146 типтік жобадағы мал қорымдары қажет. Қазіргі күні 90 типтік жобадағы мал қорымдары пайдаланылса, қалған 56 қарапайым шұңқырлар. Алдағы 3 жылда 56 мал қорымы салынбақ.