Ақсу өзеніне батып кеткен екі студенттің денесі әлі табылмады

257

Түркістан облысының құтқарушылары 14 күн бұрын Төлеби ауданындағы Ақсу өзенінде суға батып кеткен Үндістанның екі азаматын іздестіруді жалғастырып жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.


Бүгін екі шетелдік студенттің бірінің әкесі оқиға орнына келді. Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісов іздестіру жұмыстарының барысымен таныстырып, әрмен қарай жалғасатынын айтты.


Айта кетейік, 26 маусым  сағат 20.10-да Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне Төле би ауданының Ханарық ауылынан 5 шақырым жерде орналасқан Ақсу шатқалындағы Ақсу өзенінде 2001 жылғы 2 студенттің белгісіз жағдайда суға түсіп, батып кеткені туралы ақпарат түскен болатын.
21 студенттен құралған топ Шымкент қаласынан келген. Бәрі де Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері екен.