Қазақстанда кім тісін тегін емдете алады?
Шұғыл көмекке мұқтаж сырқаттар учаскелік дәрігерден жолдама алмай-ақ тікелей стоматологиялық мекемелерге жүгіне алады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қазақстанда шұғыл стоматологиялық көмек келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:
- 18 жасқа дейінгі балалар
- жүкті әйелдер
- Отан соғысының ардагерлері
- I, II және III топтағы мүгедектер
- «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алған көпбалалы аналар
- атаулы әлеуметтік көмек алушылар
- жасы бойынша шыққан зейнеткерлер
- жұқпалы және әлеуметтік маңызы бар аурулары, сондай-ақ айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулары бар пациенттер
- мүгедектігі бар немесе бала кезінен I топтағы мүгедектігі бар балаға күтім жасайтын жұмыс істемейтін азаматтар.
Дәрігерден жолдама алмай-ақ келесі процедураларды алуға болады:
- күрделі кариесті, пульпитті, периодонтитті емдеу
- күрделі тістерді, соның ішінде даналық тістерді жұлғызу
- абсцесстерді ашу және одонтогенді кисталарды жою
- шыққан жақты орнына қою
- қатерсіз өсінді-ісіктерді жою (мысалы, эпулис)
- жарақат алған кезде қозғалған тісті уақытша орнына келтіру
- тіл жүгеншігі немесе ерін пластикасы
Жоспарлы стоматологиялық көмек мыналарды қамтиды:
- профилактикалық тексерулер және тістерді тазалау
- кариесті емдеу (композиттік материалдардан жасалған пломбаларды қолдана отыра)
- қарапайым және күрделі тісті жұлу
- жүйкені (тіс ұлпасын) алып тастау
- гингивит, стоматит және қызыл иектің басқа қабынуын емдеу
Ортодонтиялық көмек жақ сүйегінің туа біткен ауытқулары бар (таңдай жырығы, тістеу қабілеті дұрыс жетілмеген) және тіс-жақ деформациялары бар 6 жастан 12 жасқа дейінгі аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға көрсетіледі.
Шұғыл көмек - кез келген уақытта жолдамасыз көрсетіледі. Жоспарлы көмек алу үшін тіс дәрігеріне жазылу қажет. Егер дәрігер емханада амбулаториялық жағдайда көмек көрсету мүмкін емес деп санаса, науқас жедел жәрдеммен ауруханаға жіберіледі.