Бойжеткен Назарбаев университетінде қыздарды жиі зорлайды деген мәлімдеме жасады

504

Әлеуметтік желіде белгісіз бойжеткен бейнеүндеу жасады. Ол өз сөзінде Назарбаев университетінің зорлық-зомбылық ордасына айналғанын жеткізген, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К агенттігіне сілтеме жасап.


Бойжеткеннің айтуынша, жас қыздарға профессорлар мен студент жігіттер қырғидай тиеді екен. Тіпті зорланған қыздар амалсыз елге күлкі болмас үшін, білім қабырғасынан өз еркімен шығып кетіп жатқан көрінеді.
Фото: видеодан скриншот

Университеттегі клубтардың бірінде президент, белсенді жігіт бар. Қаншама қызды зорлады. Менің құрбым да соның құрбаны болған. Ол жігітті оқу орнында бәрі таниды. Бір қарағанда момын сияқты. Бірақ ойы қатты бұзылған,— дейді бойжеткен.

Тіпті жөнсіз жала жауып, жігіттің өмірін бұзба дейтіндерге, соның кесірінен оқудан шыққан бірнеше қыздың тағдырын мысал ретінде келтіреді. Әрі солардың өмірін бұлай ойыншыққа айналдыруға болмайтынын айтады.

Аталған мәселе Ішкі істер министрлігінің бақылауына бірден ілінді. Полицияда тексеру жұмыстары басталғанын айтты.

"Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында жас қыздың бейнеүндеуі анықталды. Ол Назарбаев университетінің профессорлық-оқытушылық және техникалық персоналы тарапынан қысым көрсету және зорлау жағдайлары, сондай-ақ жоғары курс студенттерінің төменгі курс қыздарына қысым көрсету фактілері жайында мәлімдеді. Бұл бейнеүндеу "Есіл" ауданының полиция басқармасында тіркелді", — делінген полиция ақпаратында.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.