Ер адам өз бүйрегін 13 млн теңгеге сатпақ болған
Түркістан қаласының тұрғыны өзінің бүйрегін сатпақ болған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Былтыр ақпанда ер адам өзінің бүйрегін сататынын айтып, телеграм арнасына жарнама жасаған.
Іс Түркістан қаласының ауданаралық сотында қаралған. Тағылған айып - "Трансплантациялау не өзгедей пайдалану үшін тірі адаманың ағзаларына қатысты заңсыз мәмілелер жасауға оқталу".
Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, бұл әрекетке ауыр материалдық жағдайы мен ақша қаражатына мұқтаждығы себеп болғанын айтқан.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Қаз
Рус






