"Тағы жемқорлық па?" Қызылордада балабақша небәрі бес баламен мемлекеттен ақша алып отыр

550

Қызылорда облысына қарасты Манап ауылындағы "Толағай" балабақшасы жайлы желіде сұмдық мәлімет тарады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Желідегі ақпаратқа қарасақ онда қазір небәрі 5 бала тәрбиеленіп жатыр. Алайда балабақша иелері мемлекеттік базаға 25 тәрбиеленушіні тіркеп қойған деп жазылған.

Көп бала ол ауылда тұрмайды. Сырт жақтың балаларын тіркеген. Балабақшада үш қызметті бір адам атқарады,—деп жазды желі қолданушысы.

Ең сорақысы, балабақшадағы қызметтерді бір отбасының адамдары атқарады екен. Жазбадағы ақпаратта балабақша иесінің анасы сонда есепші, баласы құрылтайшы, келіні тәрбиеші, өзі әдіскер болып жұмыс істейді делінген.

Сондай-ақ желі белсендісі бұл ақпаратты өзіне келген шағым бойынша жаздым деген. Осы мәселеге байланысты аудандық білім бөлімі жауап жазды. Олар тек назарға алғандарын ғана хабарлаған.

Білім бөлімі тарапынан назарға алынды. Аталған балабақша бойынша тиісті жұмыстар жасалып, нәтижес бойынша қосымша ақпарат беріледі,—делінген хабарламада.