Қызылордалық әйел мемлекеттен пәтер әперемін деп 19 адамды алдаған

330
Қызылорда облысында мемлекеттік бағдарламамен пәтер алып беретінін айтып, 19 адамды алдап кеткен азаматша ұсталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылорда қаласы полиция басқармасына облыс орталығының 19 тұрғыны алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде арызданды. Арызда көрсетілгеніндей, өткен жылдан бері бір азаматша сенімдеріне кіріп, мемлекеттік бағдарламамен пәтер алып беремін деп уәде еткен. Салдарынан ол жәбірленуші тұрғындарға 20 млн теңгеден астам шығын келтірген.


«Полиция қызметкерлері тексеру жұмысын жүргізді. Күдікті ретінде 32 жастағы азаматша ұсталды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі 1,3,4-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция депараментінен.

Ведомство мәліметінше, облыс орталығында алаяқтық оқиғалары жиілеп барады. Жыл басынан бері Қызылорда қаласында 322 алаяқтық дерегі тіркелген. Еске салсақ, бұдан бұрын халықаралық іздеуде жүрген қызылордалық Қарағандыда ұсталды.
 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.