Қызылорда облысының әкімі тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады

95
Қызылорда облысының әкімі тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады,- деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.  

Қызылорда олысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды қабылдады. Жеке қабылдауға 12 адам келді, оның ішінде бiреуi өтiнiшiн онлайн-байланыс арқылы жеткізді.

Қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі тұрғын үй алу, жұмысқа орналасу және тұрғылықты мекен-жайына қажетті инфрақұрылым жүргізуге көмек сұрады.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қабылдауға келген азаматтардың мәселелері жан-жақты зерттеліп, шешімі заң талаптарына сәйкес қарастырылатынын жеткізді. Кейбір мәселелер бойынша жауапты тұлғалар заң аясында түсіндірме беріп, шешу жолдарын ұсынды.
Мәселен, Тасбөгет кентіндегі С.Сейфуллин көшесін асфальттауды сұраған 81 жастағы зейнеткерге бұл көшенің алдағы уақытта орташа жөндеуден өтетіні айтылды. Жол жөндеу жұмыстары жақын арада басталмақ.
Сондай-ақ, 58 жастағы қала тұрғыны өзі тұратын жатақханаға газ кіргізуге көмек сұрады. Аймақ басшысы 2 апта ішінде үйдің жағдайын тексеріп, газ құбырын жүргізу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.
Айта кетейік, тұрғындар облыс әкімінің қабылдауына egov.порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.

344913210_724069139467517_3188896413264494548_n.jpg
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.