Сәуір айынан бастап тіркелмеген мопедтердің жүруіне тыйым салынады

1 352

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: istockphoto.comҚазақстанда 2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтер ресми түрде көліктермен бірдей етіп теңестіріледі, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ішкі істер министрлігі мопедтерді тіркеудің жолын көрсетті. Оларды пайдалану үшін:

полицияда тіркелу;

А1, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігі;

техникалық тексеру;

азаматтық жауапкершілікті сақтандырудан өткізу қажет болады.

Тіркелу үшін тұрғылықты жері бойынша арнайы ХҚО-ға мына құжаттарды ұсыну қажет:

жеке куәлік (электронды түрде болуы мүмкін);

мопедтің техникалық құжаты немесе сипаттамалары.

Кейін өтініш толтырып, мопедті тексерістен өткізіп, қажетті мемлекеттік баждарды төлеу керек.

«5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтерді пайдалануға, жүргізуші куәлігінсіз жүруге тыйым салынады. Бұзушылықтарды болдырмау үшін мопедті алдын ала тіркеп, жүргізуші куәлігін алуды ұсынамыз», – деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Арай Төлегенқызы.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.