Әнші Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлы жоғалып кетті

1 527

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:© Видеодан скриншот/Zhuldyz TVҚазақстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлы Баир Сиқымбаев із-түзсіз кеткен,- деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақпаратты журналист Жазира Бегалы әлеуметтік желідегі  парақшасында жариялаған. Оның мәліметінше, Баир Сиқымбаевтың хабар-ошарсыз кеткеніне бір аптадан асқан. Жақындарының айтуынша, ол ерекше дауысымен танылған, келбетті әрі өнерлі азамат болған. Журналист жазбасында Баирдың жары көпшілік пен БАҚ өкілдерінен көмек сұрағанын жеткізді.

“Баир қайда жүр екен? Жақындары алаңдап отыр. Қадірлі оқырмандар, жұмыла іздеуге көмектесейік. Ақпаратты барынша таратып, суреттегі азаматты көргендер болса, хабар берулеріңізді сұраймыз”, – деп жазды ол.

Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, Баир 24 - ші наурыз күні Алматы қаласындағы Коперник көшесінде орналасқан үйінен шығып, сол күйі қайта оралмаған. Үстінде қара түсті спорттық киім болған. Қазіргі уақытта оны іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Егер қандай да бір ақпарат белгілі болса, жақындарына немесе тиісті органдарға хабар беру сұраған.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.