Болат Назарбаев 19 миллион теңге айыппұл төлейді

423

"Ақтөбе өндірістік компаниясы" ЖШС банкроттық басқарушысы Болат Назарбаевқа қатысты арыз түсірген. Себебі компания жартылай экс-президенттің інісіне тиесілі болған кезде 6 көлік сатылып кеткен,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі хабарлайды. 


Сот көлікті сатып алушылардың әрекетін дұрыс деп бағалағандықтан, екіжақты реституция шарасын таңдай алмаған. Сондықтан банкроттық басқарушы 19 451 000 теңге көлемінде шығынды қайтару туралы арыз түсірген. Нәтижесінде сот бұл арызды негізді деп таныды. 


"Назарбаев Болат Әбішұлынан "Ақтөбе өндірістік компаниясы" ЖШС-ның пайдасына транспорт көлігін жоғалтуына байланысты 19 451 000 теңге көлемінде шығын қайтарылсын", – делінген Ақтөбе экономикалық сотының хабарламасында. 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.