Қазақстан азаматтығын алу үшін мемлекеттік тілді білу туралы сертификат талап етіледі

1 521

Фото: Tengrinews.kzІшкі істер министрлігінің 29 шілдедегі бұйрығымен Қазақстан азаматтығын алу және қалпына келтіру мәселесі бойынша ішкі істер органдарының өтінішті қабылдау, тіркеу және қарау қағидасына өзгерістер енгізілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Енгізілген түзетулерге сай, азаматтық алғысы келетін адамның қолында өтініші, өмірбаяны, фотосы, жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі, өзге мемлекет азаматтығы тоқтатылғаны туралы анықтамасы, мемлекеттік баж салығының төленгені немесе оны төлеуден босатылғаны туралы құжатпен бірге мемлекеттік тілді бастауыш деңгейде білетінін растайтын сертификат та болуы керек. Оның ішінде конституция негіздері мен Қазақстанның тарихы да бар.


Азаматтыққа қабылдау немесе азаматтықты қалпына келтіру туралы өтінішхат Қазақстанның Азаматтық туралы заңының 17-бабындағы талаптар орындалмаса, қабылданбайды. Сондай-ақ заңның 21-бабындағы талаптар сақталмаған жағдайда азаматтықтан айырылады.


Бұйрық 2024 жылғы 12 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.