Ресейлік көлігін тіркетемін деп 1,4 млн теңгесінен қағылды

200
Ақтауда ресейлік көлікті тіркеп беремін деп тұрғынды алдаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



2021 жылы наурыз айында алаяқ жәбірленушіге тиесілі Toyota Ipsum автокөлігін Ресей есебінен шығарып, ҚР-ға тіркеп беремін деп ақшасын алып, кейін уәдесінде тұрмаған. Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын сомасы – 1,4 млн теңге. 

Ақтау қаласы Полиция басқармасы криминалдық полиция қызметкерлерімен 32 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. 

Аталмыш дерек СДТБТ-да ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.