Жамбылда оқ-дәрілерді жоюға арналған жарылысқа шаруалар қарсылық танытуда

337

Жамбыл облысы Байзақ ауданында арнайы жарылыспен ғана жойылатын оқ-дәрілерге арналған полигон тура жайылымда орналасқан,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

Түлік төлдету кезеңінде өтетін бұл операцияның қауіптілігін айтқан шаруалар қарсылық танытып, 30 күнге шегерулерін сұрады.

Шаруалар әскерилердің оқ-дәрілерді жою үшін окоптар қазып жарылыс жасау операциясына дайындалып жатқанын айтады. Алайда түлік төлдейтін сақпан маусымында жарылыстың болуы мал түгілі адам өміріне зин келтіретінін айтып шаруалар шағымдануда. 

Кішкене 5-6 киллометрге ары болса деймін. Өтйткені жайылым көздеген нысанның түбінде тұр”, – деді шаруа Әбдірахман Қаһарманов.

Шаруалар инженерлік оқ-дәрілерді жоюға қарсы емес. Алайда түліктердің төлдеуіне зиян болатындықтан, 30 күнге шегерулерін сұрайды.

Қалдықтар 1-1,5 киллометрге дейін ұшып жатыр. Көктемнің науқанында малымызды төлдету кезеңінде жарылыс болса адамдар қайда барады? 1 шақырымға да жетпейтін жерде екі база бар”, – деді шаруалардың бірі Ғалымжан Ақылов.

Ал ауыл әкімі Қайрат Смайлов былтыр жарылыс жұмыстары кезеңінде қожалық жұмысшылары мен түліктердің құмды аймаққа көшірілгенін айтты. Биыл бұл шаруа сәуір айының аяғына жоспарланып отырғанын да жеткізді.