Елімізде жарты жыл ішінде 800 адам жемқорлықпен ұсталды

291
Қазақстанда соңғы 6 ай ішінде жемқорлық фактісі бойынша 800 адам ұсталған және оның 140-ы түрлі деңгейдегі лауазымды тұлғалар, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі. 

"Еліміз бойынша 1 300-ден астам сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді. 800-ден астам тұлғаның жемқорлығы әшкереленді. Олардың 140-ы түрлі деңгейдегі басшылар. Ауыр қылмыстарды анықтау 33 пайыздан астам өсті. Тергеу қорытындысы бойынша 592 іс сотқа жіберіліп, 357 жемқор сотталды. Экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға және оларды мемлекет меншігіне қайтаруға байланысты істерді тергеу ерекше бақылауда тұр. Қабылданған шаралардың нәтижесінде мемлекетке 430 млрд теңге немесе шамамен 1 млрд АҚШ доллары сомасына активтер қайтарылды", – деді агенттік басшысы.

Бектенов атышулы «Оператор РОП» мекемесінің ісі бойынша да 180 млрд теңгеден астам қаражат мемлекетке қайтарылғанын жеткізді.

"Олар толықтай мемлекетке қайтарылып, әлеуметтік мақсаттарға жұмсалып жатыр. Құны 57 млрд теңге болатын 600-ден астам теміржол кіреберістері мемлекет бақылауына өтті. Әңгіме сала өкілдерінің тілімен айтқанда, «соңғы шақырымдар» туралы болып отыр" , – деді Олжас Бектенов.

Сонымен қатар әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жұмысында да жемқорлық әрекеттер анықталып отыр. Азық-түлік бағасын тұрақтандыруға бөлінген 39 млрд теңге тиімсіз игерілген. Инвестициялық жобаға арналған деген желеумен кей жер учаскелері конкурстан тыс берілген. Несие беруде де заңбұзушылықтар көп. Аталған фактілер бойынша әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың лауазымды тұлғаларына қатысты 11 қылмыстық іс тіркелді. Келтірілген шығын 7 млрд теңгеден асады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.