Жол үстінде жаппай төбелес орын алды.

1 514

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Видеодан скриншотШымкентте көшеде болған төбелес қоғамдық резонанс тудырды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі. 

Әлеуметтік желілерде бір топ жастың жол үстінде жанжал шығарып, төбелес ұйымдастырғаны бейнеленген видео тараған. 

Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған оқиға бойынша «Бұзақылық» бабымен қылмыстық іс қозғалған.

Оқиғаға қатысушылардың барлығы жедел түрде анықталып, ұсталды. Жол үстіндегі жанжал ашық төбелеске ұласып, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігі өрескел бұзылды. Үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Әрбір қатысушының әрекетіне құқықтық баға беріледі. Кінәлілер заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады, – деп хабарлады құқық қорғау органдары.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.