Сақтандыру компаниясы төлем жүргізуден бас тартқан
243
Қала тұрғының басқаруындағы автокөліктер соқтығысып, ол бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған. Алайда сақтандыру компаниясы сақтандыру төлемін төлеуден бас тартқан, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Жылжитын мүлікті бағалау туралы есепке сай талап қоюшы автокөлігіне келген шығын 1 920 346 теңге екені көрсетілген.
Іс бойынша жауапкер сақтандыру компаниясы мен үшінші тұлға Б. арасында көлік құралы иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандыру шарты жасалған. Сол себептен үшінші тұлға мен талап қоюшы аталған сақтандыру компаниясына сақтандыру төлемін төлеу туралы өтінішпен жүгінген.
Сотта сақтандыру компаниясы бұған дейін басқа жол-көлік оқиғасының орын алғанын, ол уақытта талап қоюшының осы автокөлігін басқа автокөліктің соғуы салдарынан 1 798 173 теңгені құрағанын, аталған оқиғаны сақтандыру жағдайы деп танып, талап қоюшы пайдасына 1 750 200 теңге (600 АЕК) мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асырғанын, алдыңғы және кейінгі оқиғалар бір-бірімен ұқсас екенін, екінші оқиға қасақана жасалған деп сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартқанын көрсетеді. Сонымен қатар ол прокуратураға шағымданып, талап қоюшы мен полиция қызметкерлеріне алаяқтық бойынша іс қозғауды сұраған, зерттеу нәтижесі бойынша алаяқтық дерегі бекітілмеген.
Орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы сот қаулысы заңды күшінде. Үшінші тұлға сотқа оқиға орын алғанын мәлімдеген. Бірінші саты соты келтірілген дәлелдерді зерттей келе, талап қоюшының жауапкер сақтандыру компаниясынан сақтандыру төлемін өндіру туралы талабын қанағаттандырып, талап қоюшының пайдасына 1 750 200 теңге сақтандыру төлемі мен мемлекеттік бажды өндіру туралы шешім шығарған.
Жауапкердің апелляциялық шағымы негізінде істі қараған азаматтық істер жөніндегі сот алқасы да жауапкердің келтірген шағымы мен қарсы пікірі негізсіз деп тауып, бірінші саты сотының шешімін өзгеріссіз қалдырды.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі