Халықтық штаб мүшелері Казпочта аудандық филиалының қызметкерлерімен кездесті
Сонымен қатар, жиын барысында атом электр станциясын салудың маңызы мен артықшылығы талқыланып, штаб мүшелері АЭС елімізге не үшін қажет екенін, энергия қуаты тапшылығы мәселесін жоюда қаншалықты тиімді екенін түсіндірді.
«Елімізде электр қуатының тапшылығы еліміздің оңтүстік аймақтарында көбірек байқалуда. Ал бұл мәселе уақтылы шешіліп, электр энергиясының жаңа көздері енгізілмесе тапшылық жыл сайын өсе бермек. Осы ретте, Мемлекет басшысының атом электр стансасын салу бастамасы экономикалык тұрғыдан ең тиімді шешім болып отыр», – деді Х.Асқарова.
Штаб мүшелерінен ақпарат алған азаматтар өздерінің пікірлерін ортаға салып, АЭС салуға оң көзқарастарын білдіруде.