Тасқын кезінде елдегі су қоймаларына 12 млрд текше метрден астам су жиналған

2 527

Фото: Су ресурстары министрлігіБиылғы су тасқыны кезінде Қазақстанның су қоймаларына 12 млрд текше метрден астам су жиналды. Жиналған су экономика қажеттілігіне пайдаланылады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Еліміздің су шаруашылығы құрылыстары суды қауіпсіз өткізуді қамтамасыз етті және тасқын суын соңғы жылдары құрғауға айналған сағаларға, көлдерге және басқа да су айдындарына жіберуге мүмкіндік берді», — деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.


Сондай-ақ, Нұржан Нұржігітов министрлік әзірлеген су саласын дамыту тұжырымдамасы тасқын суды басқару бойынша озық елдердің тәжірибелері зерттеле отырып, толықтырылатынын айтты.


Бұдан бөлек, тасқын суды басқаруды және құрғақшылық салдарын азайтуды көздейтін ұзақмерзімді құжат әзірленеді. 


Сондай-ақ, елдімекендер үшін тәуекелдерді көрсететін тасқын суы қозғалысының электронды картасын және су мен су инфрақұрылымының жағдайы мен мөлшері туралы ақпаратты қамтитын су ресурстарын есепке алудың, мониторингілеудің және болжаудың бірыңғай жүйесін әзірлеу жоспарланып отыр.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.