Астана халықаралық форумы жұмысын бастады

2 155

Фото: Виктор Федюнин/KazinformЕлордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Астана халықаралық форумы жұмысын бастады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Әлемнің түкпір-түкпірінен 600-ге жуық шетелдік қонақ қатыспақ. Олардың арасында жетекші саясаткерлер, халықаралық ұйым, корпорация басшылары, инвесторлар мен ғылыми топ өкілдері бар. Мәртебелі меймандар қатарында Руанда Республикасының Президенті Поль Кагамені, Албания Премьер-Министрі Эди Раманы, Хорватия Республикасының Премьер-Министрі Андрей Пленковичті, Қатар Премьер-Министрі — Сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәниді атап өтуге болады.

"Астана халықаралық форумы 2025 инвестиция үшін жаһандық бәсекелестік дәуірінде өткізіліп, Қазақстанның әлемге ашықтығын көрсетеді. Біздің еліміз ірі әлемдік корпорациялар мен қаржы институттарының назарын аудара отырып, Орталық Азиядағы өз позициясын нығайта түспек. Ауқымды реформалар, заңнаманы жаңғырту мен инвестициялық ахуалды жақсарту елдің дамуына және оның экономикалық мүмкіндігін кеңейтуге ықпал етеді. Форумның міндеті — ашық диалог пен шетелдік капитал тартудың, стратегиялық келісімдер жасасу мен экономикалық дамуға арналған бастамаларды ілгерілету үшін маңызды платформа болу.", — деп атап өтеді халықаралық іс-шараны ұйымдастыруға жауапты еліміздің Ұлттық экономика министрлігінен.