Ресей қант импортын тоқтатты – Қазақстан басқа елдерге жүгінбек

298
Сауда және интеграция министрлігі Ресейдің ЕАЭО елдеріне қант сатуды тоқтатуына байланысты реакция білдірді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстанда негізгі азық-түлік тауарларының қорлары жасалды. Өңірлер мен Сауда желілері одағының ақпараты бойынша тұрақтандыру қорлары мен сауда объектілерінде қант қорлары шоғырланған. Олар 3 ай бойы халықтың сұранысын қанағаттандыру үшін жеткілікті»,- деп ақпарат таратты министрліктен.

Сауда және интеграция министрлігі жеткізушілердің географиясын кеңейту және тәуекелдерді төмендету шеңберінде дайын қант өндіру үшін басқа елдерден шикі қант сатып алу жұмысы жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Атап айтқанда, Қазақстанда 2022 жылғы тамыз айының соңына дейін кедендік баждарды төлемей 250 мың тонна қант әкелу мүмкіндігі бар. 

«Қант бағасын тұрақты деңгейде ұстап тұру үшін орталық және жергілікті атқарушы органдар сауда объектілерінің «айналым схемасын» пайдалануды және тұрақтандыру қорларынан интервенцияларды қоса алғанда, бірқатар шаралар қабылдайтын болады», - делінген хабарламада.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.