ЕСП енді жоқ: өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар не істейді
Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті жаңа жылға дейін бірыңғай жиынтық төлем төлеп келгендер не істеуі керек екенін айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бірыңғай жиынтық төлем тек жеке тұлғаларға қызмет көрсеткен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін 5 жылға (2019 жылдан 2023 жылға дейін) уақытша енгізілген болатын. БЖТ қолдану кезеңі 2023 жылғы 31 желтоқсанда аяқталды.
МӘМС төлеуден декреттік демалыстағы әйелдер, көпбалалы аналар және тағы басқа азаматтар босатылады, олар үшін жарнаны мемлекет төлейді.
Ал егер азамат кәсіпкерлік қызметін жалғастыра берсе, онда жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, өзіне ыңғайлы салық салу режимін – патентті (салық ставкасы 1%), оңайлатылған декларацияны (салық ставкасы 3%), бөлшек салық режимін (салық ставкасы 4%) таңдауы керек.
Бұл жағдайда әлеуметтік төлемдердің ең төменгі айлық сомасы 17 425 теңгені құрайды (міндетті зейнетақы жарналары – 8500 теңге, әлеуметтік аударымдар – 2975 теңге, МӘМС жарналары – 5950 теңге).