Қызылордада баспана бағасы 46,7%-ға өскен

651
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы маусым айымен салыстырғанда 21%-ға қымбаттаған, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

Елімізде бір жыл ішінде қолданыстағы пәтерлердің бағасы 26,8%-ға, жаңа тұрғын үйлер құны 19,5%-ға шарықтаған.

Жаңа пәтерлер бағасының өсімі жөнінен Нұр-Сұлтан көш бастап тұр. Бас қалада жаңадан бой көтерген үйлер бағасы 27,9%-ға шарықтады. Қызылорда қаласында қолданыстағы пәтерлердің бағасы 46,7%-ға өскен. Ал Алматыда тұрғын үйді жалға алудың бағасы күрт қымбаттады(48,3%).

Бүгінде еліміз бойынша жаңа салынған тұрғын үйдің бір шаршы метрі – 423 705 теңге.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.