Saraylım Tarım түрік компаниясы Қазақстанда 5000 тонналық көкөніс қоймасын салады

2 521

Фото: PixabayАуыл шаруашылығы министрі орынбасары Ермек Кенжеханұлы «Saraylım Tarım» компаниясының Басқарма Төрағасы Ылыджа Мустафамен кездесу өткізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Кездесу барысында екі тарап инвестициялық жобаларды іске асырудағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.


Saraylım Tarım — Түркия Республикасында жеміс пен көкөніс сақтау саласында жетекші компания саналады.


Кәсіпорын қоймаларының сыйымдылығы — жылына 14 мың тонна жеміс-жидек, ал, өңдеу қуаты — жылына 35 мың тонна.


Saraylım Tarım өнімдері әлемнің 18 еліне экспортталады. Компания қуаты 5 мың тонна көкөніс қоймасын салуға мүдделі.


Сондай-ақ сірке суы мен көкөніс консервісін өндіруді жолға қою ниеті бар. Жобаға салынған инвестиция сомасы — 15 млн АҚШ доллары.


Ылыджа Мустафа жоба Алматы облысында іске асырылатынын, оған Қазақстандық серіктес анықталғанын хабарлады.


Өз кезегінде вице-министр инвесторларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау, көзделген субсидиялар, жеңілдіктер мен преференциялар туралы айтып берді.


«Ауыл шаруашылығы министрлігі жобаны іске асыруға барынша жәрдем көрсетуге дайын», — деп атап өтті Ермек Кенжеханұлы.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.