Автонесие бағдарламасына бюджеттен тағы қаржы бөліне ме? – министр жауап берді

506
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев  автонесие бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлу туралы өтінім түспегенін жеткізді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

«Біз қазір мына 100 миллиардтан басқа республикалық бюджеттен қосымша ақша бөлеміз бе деп отырмыз. Біздің қаржылық-экономикалық негіздемеміз бойынша 150 миллиард болып тұр. Оны жыл сайын 30 миллиардтан бөлеміз деген ой бар. Бірақ ол ақшаны бере ме, бермей ме, әзірге белгісіз», – деді Қарабаев.

Ал қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ондай өтінім әлі түспегенін жеткізді.

«Қазір республикалық бюджеттен осы бағдарламаға бір тиын да жұмсалып жатқан жоқ. Барлығы – бұрынғы Оператор РОП-та жиналған ақша. Соны бұрып жатырмыз. Ал республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлу туралы өтінім түскен жоқ», – деді Жамаубаев.