Үкімет жер қойнауын зерттеуге 240 млрд теңге бөлмек
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қазақстан Үкіметі биыл жер қойнауын зерттеудің жаңа кезеңіне анағұрлым ауқымды дәрежеде кірісіп отыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті. Өткен жылы 100 мың шаршы шақырым жалпы алаңда 1:50.000 масштабты геологиялық түсірілім жүргізуге 20 жоба әзірленді, одан кейін жыл сайын 30 мың шаршы шақырым болатын ең перспективалы учаскелер қамтылды. Салыстыру үшін айтатын болсақ, кеңес заманында жасалған картаның бұрынғы масштабы 1:200.000 болды.
Жобаларға Жерді қашықтықтан зондтау деректерін талдау, аэрогеофизикалық және геохимиялық зерттеулер, далалық жұмыстар кешені кіреді.
Қаз
Рус






