«Жағдай өте қиын» – Ұлттық банк төрағасы

421

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов аса күрделі геосаяси ахуал жағдайында қаржылық және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады,- деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Жағдай өте қиын, белгісіздік деңгейі де орасан. Сыртқы секторда ең жағымсыз қауіп-қатерлер мен геосаяси тұрғыда тәуекелдер пайда болды. Біз үкіметтердің, орталық банктердің, қаржы және басқа да ұйымдардың Ресей Федерациясына қарсы санкцияларға қатысты мәлімдемелерін бақылап, осы санкциялардың Қазақстанға қалай әсер ететінін бағалап отырмыз», – деді Ғалымжан Пірматов.

Сондай-ақ ол Қазақстанда қаржы және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтынын айтты.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.