Көпбалалы емес отбасыларға да көмек беріледі

1 798

Фото: primeminister.kzЕңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова кейбір көпбалалы отбасыларға қолдау тоқтатылады деген сөзіне қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

"Алдымен бұл дүниені іске асыру үшін қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу керек. 1 қарашаға дейін Әлеуметтік кодекске өзгерістерді мемлекеттік органдарға енгізу керек. Қазіргі уақытта бұл жұмыс жүргізлііп жатыр. Бірқатар министрлік бізге қолдау көрсетіп отыр. Жылдың соңына дейін өзгерстерді заңның шеңберінде шешуіміз керек", -деді Жақыпова брифингте.

Жақыпова көмекті тағайындау жүйесі өзгеретінін айтты. Яғни, болашақта мемлекеттік қолдау тек санатқа қарай емес, нақты мұқтаждыққа қарай көрсетілмек.

"Концепцияны бұған дейін де айттық. Санатына ғана қарап емес, көмекті отбасылар мұқтаждық бойынша алу керек. Мысалы, адам төрт ай бойы ауырса, отбасында кіріс болмаса, оның үш баласы болса, мемлекеттен көмек ала алмайды. Бірақ ол мұқтаж. Сондықтан, біз көпбалалы емес болғанына қарамай, мұқтаж отбасыларға жәрдемақы беруді қарастырып жатырмыз.Тек көпбалалы отбасылар ғана емес, басқа санаттағыларға да көмек пен қолдау керек", - деді министр.