Елімізден экспортталатын күнбағыс майының көлемі үш есеге артты

501
Елімізде күнбағыс майын өндіру көлемі артты,-  хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

2022 жылғы қаңтар-шілдеде отандық компаниялар күнбағыс майына сұранысты 82,8% қамтамасыз етті. 2021 жылғы қаңтар-шілдеде бұл көрсеткіш 80,7% болған еді.

Осы кезеңде күнбағыс майын өндіру көлемі 36,9% артты. Импорт 18,6% өсіп, 55,6 мың тоннаны құрады.

ҚР-дан шығарылған күнбағыс майының экспорты бірден 2,6 есе, 2022 жылғы қаңтар-шілдеде 129,5 мың тоннаға дейін өсті, ал ішкі нарықта сату тек 0,8%, яғни 193,8 мың тоннаға дейін артты.

Экспорт қазірдің өзінде қолда бар ресурстардың 40,1% құрады, ал бір жыл бұрын 20,7% ғана болған еді.

2022 жылдың қаңтар-тамыз айларында ҚР-да 308,5 мың тонна күнбағыс майы өндірілген. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39,5%-ға көп.

Оның 47%-ы, яғни 145 мың тоннасы тек Шығыс Қазақстан облысына тиесілі. Өндірістің едәуір көлемі Абай облысы мен Шымкентте де байқалды.

Мұнда сәйкесінше 59,2 мың және 32,1 мың тонна күнбағыс майы өндірілген.

2022 жылғы қаңтар–тамыз айларында 215,9 мың тонна тазартылмаған күнбағыс майы өндірілген. Бұл 2021 жылғы қаңтар–тамыздағы көрсеткіштен 79,1%-ға артық.

Тазартылған күнбағыс майы 92,6 мың тоннаны құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,9%-ға аз.

Қыркүйек айының қорытындысы бойынша күнбағыс майының бағасы бір айда 4,6%-ға артқан.