Қаржы нарығын реттеу агенттігі алаяқтық жолмен рәсімделген несиелер кешірілетіні туралы ақпаратты жоққа шығарды
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жалған несие рәсімделген азаматтардың құқықтарын қорғауды заңнама тұрғысынан қатаңдатты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Агенттік шаралар қабылдап, жалған несие рәсімделген азаматтардың құқықтарын қорғауды заңнамалық түрде күшейтті:
- 2024 жылы 20 тамыздан бастап кредиторлардың алаяқтық кредиттер бойынша тергеу іс-шараларын жүргізудің барлық кезеңіне сыйақы есептеуді және талап-арыз жұмысын тоқтата тұру міндеті енгізілді;
- жалған кредиттер бойынша клиентке қойылатын талаптар клиенттің қатысуынсыз алаяқтық тәсілмен қарызды ресімдеу фактісі анықталған заңды күшіне енген сот шешімі бойынша тоқтатылады;
- 2024 жылы 1 қыркүйектен бастап кредиторлардың кредит алудан ерікті түрде бас тартуды белгілеу кезеңінде азаматтардың заңсыз ресімделген кредиттері бойынша борышты есептен шығару міндеті енгізілді ("Стоп-кредит" қызметі).
Сонымен қатар әлеуметтік желілерде таратылып жатқан "алаяқтық жолмен рәсімделген несиелер есептен шығарылады" деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Агенттік азаматтарға ресми дереккөздерге ғана сенуге кеңес берді.
Қазір қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында депутаттық корпус қаржылық алаяқтық фактілерін азайтуға бағытталған қосымша заңнамалық өзгерістерді ұсынып отыр. Түзетулер онлайн қарыздарды рәсімдеу кезінде 24 сағаттық "салқындату кезеңін" енгізуді көздейді. Сондай-ақ банктер мен микроқаржы ұйымдарына кредитті алғаш рет рәсімдейтін азаматтармен олардың кредитор бөлімшесіне жеке келмей-ақ қарыз шартына қол қоюына тыйым салуды көздейді.