Доллар бірден 6 теңгеге қымбаттады
Қазақстанда доллар бағамы жаңа тарихи көрсеткішке жетті. Бір күнде ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 6 теңге 24 тиынға арзандады. Биржадағы ресми сауданың қорытындысы бойынша баға рекордтық деңгейде 532 теңге 74 тиынға шоғырланды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Теңге өткен аптада позициясын жоғалта бастады. Сарапшылардың айтуынша, мұнайдың әлемдік бағасы біздің валютаға барынша қысым жасап отыр. Ол өзінің ең төменгі мәніне дейін төмендеді. Еңбек демалысының басталуы ұлттық валюта үшін жақсы нәтиже бермеді. Бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін сатып алынатын тауарлардың импорты есебінен де долларға сұраныс артты.
Доллар бағамы орташа 540 теңге болады: Премьер теңгенің болашағына қатысты болжамын айтты.
Жыл басынан бері доллар негізгі әлемдік валюталарға қатысты 2%-ға жуық өсім көрсетті. Бұл оның біздің нарықтағы орнын нығайтты. Рубль мен еуро да айтарлықтай өсті.
Экономист Арман Байғановтың сөзінше, теңгенің 500-ден төмен түсуі екіталай
Айта кетейік, бұған дейін Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы рекордық деңгейге жеткені туралы жазған едік.