18 жастағы қыз бір апта бойы табылмай жатыр

1 425

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Ербол БекболатӨскеменде тұратын 18 жастағы қыз үйінен таңертең шығып кеткен. Әлі күнге дейін оның қайда екені белгісіз, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, Әнел Ерік 12 қараша күні таңертең қаладағы Металлург саябағының маңындағы үйінен шығып кеткен. Қайда кеткенін айтпаған ол сол күні хабар-ошарсыз.

Ата-анасы сол күні полицияға хабарласып, көмек сұраған соң тәртіп сақшылары мен еріктілер жедел-іздестіру шараларына кіріскен. Алайда арада бір апта өтсе де 18 жастағы қыз табылмай жатыр. 

«Бойжеткеннің үстінде қара футболка, жасыл жейде, қара шалбар және етік болған. Өзімен бірге ұялы телефонын ала шығыпты. Бірақ сол күннен бері өшірулі тұр. Әнел Еріктің қайда екендігі туралы қандай да бір ақпарат білетін адамға 102 арнасына қоңырау шалуын сұраймыз», - делінген ақпаратта.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.