Желі қолданушы: «Құмар ойынға салынған күйеуім жазықсыз баламды ұруды әдетке айналдырды»
1 339
Соңғы кезде қоғамда құмар ойынға құмартушылар көбейіп кетті. Құмар ойынның салдарынан арадағы бейкүнә балалар зардап шегуде. «Үйлену оңай, үй болу қиын» деген мақал бекер айтылмаса керек. Үйлену оңай болғанымен, әрі қарай үй болып, отбасы іргетасы мықты болып қалыптасуы ол мықты ер азамат пен ақылды әйел адамның екі жақтап жасайтын іс-әрекеттері. Әрине осындай жаман іс-әрекеттер адамның миы мен санасын улары анық. Құмар ойынның арбауына түскені соншалық отбасынан айырылып жатқаны ойына да кіріп шықпайтын ер-азаматтарымыздың деңгейінің төмен түсіп кеткені ме? Әрине барлық ер-азаматтарымызды даттаудан аулақпыз, бірақ осындай жағдайлар көңілге қаяу салары анық.
Құмар ойынның құрығына түсіп, тура жолдан тайған «Жігіттер» квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымовта бір кездері жаман әдетпен айналысқанын және оның өмірі мен шығармашылығына кері әсер еткенін айтып берген болатын. Тіпті әншінің жолдасы Роза Айтбаевада жолдасының жаман әдеттен құтқару үшін психологтардың есігін тоздырғанын айтып өтті.
«Бұл бүкіл ұлт дерті болды. Құмар ойын талай отбасын қан қақсатты. Менің күйеуімде басында ночной бинго, кейін бір судья ағалармен ойнаймын деп коттедж жалдап екі үш күндеп карта ойнайтын. Ащы суға тойып келіп, ойыннан жеңіліп қалса келіп мені ұратын еді. Баламыз болмады, мен баламыз болмағасын осындай болып кеткен шығар деп ойлап жүрдім. Алты жылдан соң Аллаға шүкір ұлымыз дүниеге келді. Енді бәрі өзгеретін шығар деп ойладым. Бірақ ешқандай өзгеріс болмады. Баламыз бір жасқа келгенде казино ойнайтын болды. Ол кездегі қорлықты жеткізе алмаймын. Бір күні мені қойып, жазықсыз, өзімен-өзі ойнап жүрген баланы ұруға шықты. Тіпті енем өзінің ұлынан қорқатын күнге жеттік. Отбасымды сақтап, күйеуімнің жақсы жолға түсу үшін, мешітке барып дұға етіп жүрдім. Бірақ жағдай сол бірқалыпты бола берді. Өзінің ұлын себепсіз ұрғаннан кейін, әрі қарай шыдай алмасымды түсініп, ажырасуға бел будым. Сөйтіп қазір екі бөлек кеттік. Мен одан ешқандай да алимент талап еткенім жоқ. Қазір баламмен тұрамын, жағдайымыз жақсы» - деп ашынды әлеуметтік желі қолданушысы Жадыра Шектібаева.
Құмар ойынның шырмауы шоу-бизнестегі әншілерді де айналып өтпегенін тілге тиек ете кетейік. Құмар ойынның құрығына түсіп, тура жолдан тайған «Жігіттер» квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымовта бір кездері жаман әдетпен айналысқанын және оның өмірі мен шығармашылығына кері әсер еткенін айтып берген болатын. Тіпті әншінің жолдасы Роза Айтбаевада жолдасының жаман әдеттен құтқару үшін психологтардың есігін тоздырғанын айтып өтті.
«Құмар ойындардан мені әуелі Құдай алып шықты. Құдай назарына іліксең ғана алып шығады деп ойлаймын. Басты мәселе-адамның мойындамауында. Бауыржан Момышұлы атамыздың сөзі бар «Ер азамат үш түрлі қартаяды. Біреуі шал болады, біреуі ақсақал болады, біреуі абыз болады. Ақсақал мен абыз енді белгілі. Шал деген кім десе, қазан-ошақтың айналасында, өсек-аяңның айналасында жүретін тек шашы мен сақалы ағарған өмірі босқа өткен адам. Сөйтіп, қатты ойландым. Егер осы жүрісті қоймасаң, шалдың да деңгейіне жетпей қалайын деп тұрсың ғой деп» - деп сұхбат берді әнші «Пендеміз ғой» бағдарламасында.
Арнайы мамандардың айтуы бойынша құмар ойнаудың бірнеше себептері бар. Құмар ойынға құмартушылықтың пайда болуының басты себептері — білім берудегі қателіктер, тым қатал тәрбие, материалдық құндылықтар, оңай баю, бай шонжарларға деген қызығушылық, бұл ақша кез-келген мәселені шеше алады, отбасылық және тығыз қарым-қатынастардың болмауынан, алкоголизм, нашақорлық, есірткі заты және депрессиялық бұзылулардың әсерінен адам осындай құмар ойындарға салынып кететіндігін мәлімдеді. Соңында қалай азарт болып кеткендерін өздері білмей қалады. Осы ойынның жетегінде кеткендері соншалық үй, көлік, тағы да басқа құнды заттарды бәске тігіп ойнайтыны тағы бар. Алайда жеңіс бар жерде, жеңілісте бар екендігін ұмытпау керек. Бірде ұтасын, бірде ұтыласын. Бай, ауқатты адамдар хобби ретінде ойнаса, ал қарапайым халық депрессиядан осылай шығамын деп, жеңіл ойлайтыны өкінішті. Бірақ соңында өздері бармақ тістеп қалатындарын білмейді.
Психологтар қоғам дертінен арылудың, осы ойыннан айығу жолдарының бірнеше бағытын атап өтті. Яғни, олардың айтуы бойынша бұл мәселені мемлекеттік деңгейде шешуді ұсынып, жастарға мектеп пен университеттерде құмар ойынға деген тәуелділіктің алдын алу бағдарламаларын енгізу керектігін айтты. Бұдан бөлек, букмекерлік кеңселер мен олардың жарнамаларына шектеу қою қажеттігі маңызды екенін тілге тиек етті. Ал құмар ойынға салынып жеңілген сайын депрессияға ұшырап, жүйкесі жұқара бастаған адамдарға арнайы емдеу мекемелеріне немесе арнайы маман кеңесіне жүгіну керектігін ескертті. Яғни, осы дерттен айығу үшін бір сеанс он бес мың теңге болса, толық курс үш жүз алпыс мың теңгені құрайды деп атап көрсетті.
Қазіргі таңда Қазақстанда құмар ойындары ойнайтын арнайы кеңселерде көбейіп кеткендері де рас. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек қазіргі таңда ойын саласына 85 ке жуық лицензия берілген. Оның 12-і казино, 43-і букмекерлік кеңсе, 15-і тотализатор. Бұл букмекерлік кеңселердің бірі Олимпке жылына 350 мың адам есігін тоздырса, олардың 200-250 млрд теңге түсіп отырады екен. Ең сорақысы, соңғы жылдары мұндай кеңселер күн санап көбейіп келеді. Мысалы, Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының өзінде соңғы 10 жылда құмар ойындары орталықтары 32%-ға өскендігі мәлім болып отыр. Букмекерлік кеңселердің оңай табыс көзіне айналғанын аңғару қиын емес. Өйткені, соңғы 5 жылда букмекерлік кеңселерге қатысты 234 қылмыс, яғни шабуыл жасау, тонау секілді қылмыстар орын алғандығы мәлім болып отыр.
Жалпы құмар ойындарының зардабы елдің дамуына кері әсерін тигізіп, жеке тұлғаның кері кетуіне ерекше ықпал ететіні белгілі.
Тұмар Ханым