Зират қоршауын ұрлап жүргендер ұсталды

1 420

Фото: Manas KalyrtalulyЖамбыл облысында зират қоршауын ұрлауды «кәсібіне» айналдырғандар ұсталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Тұрар Рысқұлов ауданында 26 қазан күні екі ер адам зираттың темір қоршауын ұрлап жүрген жерінен ұсталды. ҚР ҚК-нің 24-бабы (Қылмысқа оқталу) және ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдіктілер 33 жастағы Жамбыл ауданының және 34 жастағы Байзақ ауданының тұрғындары екені анықталды. Тергеу барысында күдіктілердің бұрын жасалған Талас ауданы маңындағы зират қоршауларын ұрлау дерегіне қатыстылығы белгілі болды.

Қазіргі уақытта олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.