Бастауыш мектеп оқушыларына тегін түскі асқа мерзімі өткен йогурт берілген

1 275

Алматы облысы Қарасай ауданындағы Жандосов атындағы орта мектепте бастауыш сынып оқушыларына тегін түскі асқа жарамдылық мерзімі 2 жыл бұрын өтіп кеткен йогурт берілген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі "Пятый регион” басылымына сілтеме жасап.



Әлеуметтік желіде балаларға тегін ыстық тамақтан бөлек, 2021 жылы жарамдылық мерзімі өтіп кеткен "Растишка" йогурты берілді деген ақпарат пайда болды.


"Мен қатты шошып кеттім, бүгін балам мектепте жарамдылығы өткен йогурт жеген. Қалғанын үйге әкелді. Балаларға мерзімі өтіп кеткен тамақты қалай беруге болады, бала уланса, кім жауап береді", "Бұл өнімді кім сатып алды? Жарамсыз тамақ бергенше, мүлдем тамақтандырмаған дұрыс", – деп жазды ашуланған ата-аналар.


Мектеп басшылығы өнім жеткізушіні өзгерту және келісім-шартты бұзу туралы шешім қабылданғанын, іс сотқа жіберілетінін хабарлады. Жеткізушінің өзі көтерме базардан өнім алған кезде жарамдылығы өтіп кеткен өнімдерді байқамай қалғанын айтты.


Алматы облыстық қауіпсіздік департаменті орта мектеп асханасын тексеруге жұмыс тобын жібергенін атап өтті. Тексеру қорытындысы бойынша азық-түлік сапасының мониторингі жасалды.


Тек йогурт емес, "Айналайын" сүт өнімінің де жарамдылық мерзімі өтіп кеткен.