Жастарға арналған әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылуы қаралды
«АМАNАТ» партиясы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңес отырысы өтті. Кеңес отырысына партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, жастарды қолдау бойынша кеңестің мүшелері, жауапты сала мамандары, «Жастар Рухы» ЖҚ оқу орны бөлімшелерінің жетекшілері мен БАҚ өкілдері қатысты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Кеңес отырысында Жастарға арналған әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылуы және «ZHAZ PROJECT» - әлеуметтік жобалар және бизнес-идеяларды қаржыландыру жобасы бойынша жеңімпаздары мен шағын грант иегерлерінің жүзеге асыратын жобалары кеңінен талқыланды.
Жоғарыда аталған мәселелер бойынша хабарлама жасаған облыстық «Жастар ресурстық орталығы», жас отбасылармен жұмыс және әлеуметтік мәселелер бөлімінің басшысы Нұрбол Сұлтан өңірдегі жастарға бағытталған әлеуметтік жобалар мен гранттарға тоқталып өтті.
Бөлім басшысының айтуынша «Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету, кәсіпкерлікті дамыту, бос уақытын ұйымдастыру бағытында «Мүмкіндіктер алаңы» шарасы тоқсан сайын өткізілуде. Бұл шара жастардың сұранысына сәйкес, әрбір жастар ресурстық орталықтарымен қолға алынған.
Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша «Zhas project» жобасының тәлімгері Әлібек Әкімбек баяндама жасап, «Zhas project» жобасының жеңімпаздарына арналған жұмыс жоспарымен таныстырды.
Жиын барысында жастарға бағытталған жаңа әлеуметтік жобалар мен гранттық, конкурстар жайында ұсыныстар айтылды.
Отырыс қорытындысы бойынша кеңес мүшелері аталған тақырыптар аясында сұрақтар қойып, талқыланған мәселелердің шешімі нақтыланды.