Алматыда тағы бір автобус апатқа ұшырап, 9 адам зардап шекті

1 577

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Almaty newsАлматыда оқыс оқиға 16 шілдеде болып, жүк көлігі аялдамада тұрған №137 автобусқа соқтығысқан. Қоғамдық көлік қатты соққының әсерінен жеке үйдің қоршауына кіріп кетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Алматы полициясы жол апатының сағат 09:15-те Алматының Наурызбай ауданында болғанын мәлімдеді.


"Жүк көлігінің жүргізушісі Әшімов көшесімен солтүстік бағытта, Шаляпин көшесінің солтүстігінде келе жатып, аялдамаға тоқтаған 137-маршрут автобусына соқтығысқан. Инерция бойынша автобус жол жиегіне шығып, жеке үйдің қоршауына соғылған", – деп хабарлады полиция.


Жол апаты салдарынан тоғыз жолаушы зардап шекті. Жол-көлік оқиғасының басқа да мән-жайлары анықталып жатыр.


Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендерге қажет тексерулер жүргізіліп жатыр.


“Оқиғадан кейін тоғыз адам №7 қалалық клиникалық ауруханаға тексерілу үшін жеткізілді. Полижарақаттар бөліміне екі адам жатқызылды. Қалған науқастар тексерілгеннен кейін үйлеріне жіберіліп, оларға амбулаторлық ем жазылды”, – делінген хабарламада.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.