ТҰРҒЫНДАРҒА БАУ-БАҚША ӨНІМДЕРІН ЕГУГЕ 3 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕР ДАЙЫНДАЛУДА
132
Тұрғындарға бау-бақша өнімдерін егуге 3 мың гектар жер дайындалуда, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Биыл облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, жергілікті тұрғындарды өзін-өзі әлеуметтік маңызы бар бау-бақша өнімдерімен қамту мақсатында 3,0 мың гектар жер дайындалуда. Тиісінше, 13 мыңға жуық отбасына арнайы жер бөлініп беріледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Дүйсебаев Талғат мәлімдеді.
Брифинг барысында шаруа иелеріне берілетін жеңілдетілген несие мен аграрлық бағдарламалардың тиімділігі туралы айтылды.

«Жыл сайын мемлекет тарапынан аграрлық саланы дамытуға ерекше қолдау көрсетілуде. Биыл да ауыл шаруашылығы саласына 18,3 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді. Бұдан бөлек, аймақ басшысының тапсырмасына бойынша былтырдан бастап жергілікті тұрғындарды өзін-өзі әлеуметтік маңызы бар картоп, көкөніс, бақша өнімдерімен қамтамасыз ету жұмыстары басталған болатын. Осы жылы да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады. Қазіргі таңда қосымша 3,0 мың гектар жер дайындау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде көктемгі егін егу жұмыстарына қажетті ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымымен, минералды тыңайтқыштармен, техникалармен және арзандатылған дизель отынымен қамтамасыз ету жұмыстары кестеге сәйкес атқарылуда», - деді басқарма басшысы Талғат Дүйсебаев.
Брифинг барысында шаруа иелеріне берілетін жеңілдетілген несие мен аграрлық бағдарламалардың тиімділігі туралы айтылды.
«Көктемгі егін және өнім жинау жұмыстарына арналған «Кең дала» бағдарламасы жылдық пайызы 5 процент. Сәйкесінше шаруа иелеріне 10 млрд.теңгеге дейін кепілдендірілген талапқа сәйкес несие беріледі. Ал «Агробизнес» бағдарламасы ауыл шаруашылық құралдарын сатып алуға және айналым қаражатын толтыруға арналған. Бағдарламаның жылдық пайызы 18-22 пайыз, яғни 1 млн теңгеден 10 млрд.теңгеге дейін кепіл арқылы несие беріледі. Үшінші «Іскер» бағдарламасы мал шаруашылығын дамытуға және , ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға арналған», - деді «Аграрлық несие корпорация» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Маханбет Тұрмаханов.