Жеңілдетілген автонесиеге электрондық кезек ашылмақ

334
Желтоқсан айынан бастап жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша кезекке тұру онлайн түрінде жүргізілмек, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, электронды кезек беру платформасы тестілеудің соңғы кезеңінде тұр. Келесі айда оны іске қосу жоспарда бар.

Электрондық кезекке сәтті қойылған жағдайда өтініш беруші бағдарламаға қатысушы кез келген банкке жүгінуге құқылы, ол қарыздың мақұлданғанын растайды, – деп түсіндірді министрлікте.


Электронды кезекке қою ай сайын автонесие беруге өтінімдерді тіркейтін платформада жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, бағдарлама шарттарына сәйкес сыйақы мөлшерлемесі – 4%, несиелеу сомасы – 10 млн теңгеден аспайды, мерзімі – жеті жылға дейін, бастапқы жарнасыз, автокөлік құны – 15 млн теңгеге дейін.