Мектепте балаларды жарамдылық мерзімі 7 жыл бұрын өтіп кеткен дәрілермен емдеп келген
Прокурорлар тексеру барысында медициналық қызмет көрсетпеу және жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрілік заттарды сақтау фактілерін анықтаған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Осылайша, прокурорлар 2022 жылдан бері Қарағанды мектептерінде 3 мыңға жуық оқушыға медициналық көмек көрсетілмегенін айғақтаған.
Мектептердің бірінің медициналық кабинетінде “Преднизолон” жарамдылық мерзімі өтіп кеткен ампулаларда сақталған. Бұл дәрі аллергиялық және шок реакцияларының ауыр түрлерінде шұғыл емдеудің бөлігі ретінде қолданылады.
Өңірдегі өзге мектептерде жарамдылық мерзімі 5-7 жылға өтіп кеткен дәрілер табылған.