Мектепте балаларды жарамдылық мерзімі 7 жыл бұрын өтіп кеткен дәрілермен емдеп келген

1 651

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Pixabay.comПрокурорлар тексеру барысында медициналық қызмет көрсетпеу және жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрілік заттарды сақтау фактілерін анықтаған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Осылайша, прокурорлар 2022 жылдан бері Қарағанды мектептерінде 3 мыңға жуық оқушыға медициналық көмек көрсетілмегенін айғақтаған.


Мектептердің бірінің медициналық кабинетінде “Преднизолон” жарамдылық мерзімі өтіп кеткен ампулаларда сақталған. Бұл дәрі аллергиялық және шок реакцияларының ауыр түрлерінде шұғыл емдеудің бөлігі ретінде қолданылады.

Өңірдегі өзге мектептерде жарамдылық мерзімі 5-7 жылға өтіп кеткен дәрілер табылған.


“Қадағалау шаралары арқылы мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмек жойылып, жеке тұлғалар жауапқа тартылып, 7 мың баланың құқығы қорғалды”, – делінген прокуратураның мәлімдемесінде.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.