Елімізде наурыз айына пойыз билеттері алдын ала сатылмайды

1 580

Фото: Ашық дерек көзіҚаңтарда қазақстандықтар наурызға пойыз билеттерін алдын ала сатып ала алмайды. Наурыздағы билеттер тек ақпанның басында сатыла бастайды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Қазіргі уақытта биылға жоспарланған темір жолдарды жөндеудің ауқымын ескере отырып, пойыздар қозғалысының кестесіне штаттық түзету жүргізіліп жатыр.


Наурызда теміржол билеттерін сату биылғы ақпанның басында ашылады", - делінген хабарламада.

Қаңтар және ақпанда жолаушылар пойыздарына билеттерді сату штаттық режимде жүргізіледі.


"Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты "1433" тегін нөмірі бойынша алуға болады. 2024 жылы шамамен 1400 шақырым жолды жөндеу жоспарланған".


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.