Қазақстан министрлігінен миллион доллар ұрлады деп айыпталған ресейлік әйел сотталды

459
Ресейлік Светлана Киршова ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі есепшотынан миллион доллардан аса қаржы жымқырды деген айыппен кінәлі деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Вести-Омск басылымына сілтеме жасап.

16 жыл бойы халықаралық іздеуде болған Омбы тұрғынына екі сыбайласымен бірге Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігі есепшотынан миллион доллар және 40 миллион теңге ұрлады деген айып тағылған.

Тергеу материалдарына сәйкес, айыпталушылар жеміс пен көкөніс сататын Омбы көтерме сауда базарында танысқан. Кейін оларға тағы бір танысы қосылып, қосымша ақша табу үшін Қазақстанға келген. Тергеу мәліметі бойынша, қылмыстық құрам бір күндік компания құрып, тіпті жұмысқа қызметкер алған. Светлана Киршова жалған құжаттар бойынша 2003 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасының қазынашылық басқармасына жұмысқа орналасқан. Кейін ресейлік әйелдің ісі әшкере болғанда, ол 16 жыл бойы жасырынып жүрген.

Киршова Белгородта ұсталды. Светлана Киршованың сыбайласы деген күдікті сотталды. Ресейде "ғасыр алаяқтығы" деп аталған бұл істің егжей-тегжейін төмендегі сілтемеден оқи аласыз.