Тойдағы жанжал әлеуметтік желіде талқыға түсті

1 509

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: instagram bekzat_xanymҚыз ұзату тойларының бірінде болған жанжал әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Бишілер тарапының мәлімдеуінше, қонақтардың бірі қызды ұзату сәтінде белгіленген жерден өткізуге рұқсат бермеген бишілерге ашуланып, оларға қоқан-лоққы көрсетіп, күш қолданған.

Олардың сөзінше, қызды өткізбеу – бишілерге алдын ала берілген тапсырма болған. Алайда осы жағдайдан кейін ер адам мен оның анасы бишілермен жанжалдасқан.

Оқиғаға қатысты жазба жариялаған тарап қолдарында болған жағдайды түсірген видеолар бар екенін, сондай-ақ оқиғаға продюсер, ата-аналар мен басқа да куәгерлер куә болғанын мәлімдеді.

«Сотта кездесеміз», — деп жазды олар.

Әзірге екінші тараптың оқиғаға қатысты пікірі жарияланған жоқ.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.