19 жастағы сарбаздың өлімі бойынша сот ашық өтіп жатыр

1 364

Фото: pixabay.comАстанада Ақтау гарнизоны 25744 әскери бөлімі зениттік артиллериялық взвод командирі Дамир Досовтың соты өтіп жатыр. Ол 19 жастағы сарбазды атып өлтірді деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

22 жастағы гвардия лейтенанты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-тармағы "Қасақана адам өлтіру" бойынша айыпталып жатыр. Ол 2024 жылдың қыркүйегінде Маңғыстау облысындағы әскери полигонда 19 жастағы сарбазды атып өлтірді деген күдікке ілінген.

Қайғылы оқиға 2024 жылдың 7 қыркүйегінде болды. Әскери оқу-жаттығу өтіп жатқан Оймаша полигонында 25744 әскери бөлімінің взвод командирі жауынгерлік тапаншадан оқ атып, сарбаздың басына тиген.

Марат Барқұлов ауыр дене жарақатын алып, ауруханаға апарар жолда көз жұмған. Марқұмның отбасы бұл абайсызда болғанына сенбейді. Сарбаздың әкесі ашық тергеу жүргізуді өтінген.

Әскерге шақырылған азамат мерт болғаннан кейін қорғаныс министрлігі Маңғыстаудағы төтенше жағдайдың мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.