Мектеп ремонтын мұғалім мен "техничка" жасап жүргені қалай?
Оқу жылы аяқталғанда, жыл сайын болатын дау басталды. Мектеп ремонтын мұғалімге жасату немесе ремонт жұмысын еден жуушыларға жүктеу проблемасы биыл да болып жатыр,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі Democrat.kz порталына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желісінде тараған видеода мектеп басшыларының "мектепті неге техничкалар ремонттап жүр?"деген сұраққа берген жауаптары жұртты таңғалдырды.
Мектептің ішкі ремонт жұмыстарын техничкалар жасап жүргені қалай деген сұраққа білім ошағының әкімшілік қызметкерлері болса керек, міз бақпастан:
Олар егер ақысыз демалысқа жазатын болса, ақшасыз қалады. Жіберуге тура келеді ғой онда. Техничка жеңіл жұмыстарды, әктеу, сырлау жұмыстарын жасайды",- деген жауаптар берді.
Бұл қалай?
Мектептің ремонтына, ремонт жасауға арналған заттарына бюджеттен арнайы қаржы бөлінеді. Олай болса, неге бұл жұмыстарды арнайы маман емес, мұғалімдер мен техничкалар жасауы керек? Өкінішке қарай, осы басты сұраққа мектептің әкімшілік қызметкерлері нақты, дұрыс жауап бере алмады.
Олай болса, ендігі сұрақ, мектеп ремонтына бөлінген бюджет қаржысы қайда кетіп жатыр?
Әлде ремонт жасағаны үшін мұғалім мен техничкаға қосымша ақы төленіп жатыр ма?







